Қаң 28, 2023 18:27 Asia/Almaty
  • Ресей нарығында  Иранның мұнай-химия өнімдері қолдау тапты

Иранның мұнай-химия өнімдері еуропалық үлгілермен бәсекеге түсе алатын сапамен және қолайлы бағамен Ресейдің табысты нарығындағы үлесін арттыруда.

 

Ресейдегі «Роспласт» деп аталатын 25-ші халықаралық мұнай-химия және сабақтас өнеркәсіп көрмесі Иранның жоғары сапалы өнімдерін ұсынатын орын болды. ИИР барлығы 8 компаниясы Ұлттық павильонында және төменгі ағындағы кен орны мен мұнай-химия өнімдерін орау өнеркәсіптеріндегі тәуелсіз стендтерінде  әлемнің 16 елінен 400 компаниямен бірге бұл көрмеде өз өнімдерін ұсынды. Сонымен бірге ирандық және ресейлік компаниялардың менеджерлері арасындағы қарқынды келіссөздер ынтымақтастық келісімін жасауға негіз болды. Ресейдің сыртқы сауданы дамыту ұйымының Ирандағы өкілі  Иран мен Ресейдің жақында барлық салаларда, әсіресе мұнай-химия саласында экономикалық алмасу көлемін арттыратын маңызды келісімдерге қол қоятынын хабарлады.