Ақп 02, 2023 17:14 Asia/Almaty
  • Қорғаныс министрлігінің өнеркәсіп кешендеріне шабуыл жасалғаннан кейін Иран БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің басшысына хат жолдады

Иранның БҰҰ-дағы өкілі осы ұйымның Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің басшысына хатында: "Иран өзінің ұлттық қауіпсіздігін қорғау және сионистік режимнің кез келген жердегі кез келген бұрыс әрекетіне немесе қоқан-лоққысына кез келген уақытта кесімді жауап беруге құқылы",-деп мәлімдеді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Саид Иравани сионистік режимнің кейінгі сөздеріне реакциясында БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің басшысына хат жазып: "Бастапқы тексерістің нәтижесі көрсеткендей, сионистік режим Иранның орталық бөлігіндегі Қорғаныс министрлігінің өнеркәсіп кешендеріне жасалған лаңкестік шабуылдарға жауапты. Бұл режимнің әрекеті халықаралық заңдарға қайшы және қатаң айыпталады",-деді.

Иранның БҰҰ-дағы өкілі сионистік режим Премьер-министрінің 31 қаңтарда CNN арнасына берген сұхбатына тоқталып, осы режимнің Иранда жасалған бүлдіргі әрі лаңкестік әрекеттерге қатысы барын мойындағанын айтып: "Бұл режим Иранға қарсы жасаған барлық қылмыстық және лаңкестік әрекеттерге жауап беруі тиіс және оның салдарын қабылдауы керек",-деді.

Тегтер