Ақп 05, 2023 20:22 Asia/Almaty

Иранның Еңбек, кооперция және әлеуметтік қорғау министрі Иран мен Зимбабве арасында тауар айырбастау мәселесіне тоқталып: "Екі елдің экономикалық қатынасынан долларды алып тастау керек",-деді.

Сулат Мортазави Зимбабве Сыртқы істер министрі Фредерик Шавамен кездесуінде: "Зимбабве де Иран сияқты АҚШ-тың зұлым санкцияларына ұшырап отыр. Біз өз-өзімізді санкцияға салмауымыз керек",-деді.

Сулат Мортазави: "Екі елдің сауда-экономикалық қатынасының деңгейі көңіл көншітерлік емес. Қос тарап қолда бар әлеуетті пайдаланып, сауда айналымын жылына 500 млн долларға жеткізуі керек",-деді.

Зимбабве Сыртқы істер министрі осы кездесуде екі елдің қарым-қатынасын одан ары кеңейту керегін айтып: "Зимбабве санкцияларды айналып өту үшін Иранның тәжірибесін пайдаланады",-деді.

Тегтер