Мәскеу Алясканы АҚШ-тан қайтарып алуға баса назар аударды
Ақп 11, 2023 16:08 Asia/Almaty
Ресей Мәскеудің Аляска аймағын АҚШ-тан қайтарып алу әрекетінің қажеттілігін тағы қуаттады.
1867 жылы Америка Ресейден Алясканы 7,2 миллион долларға сатып алды. Алясканы тапсыру туралы шартқа АҚШ-тың сол кездегі Мемлекеттік хатшысы Уильям Генри Сьюард мен Ресейдің АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Эдвард де Стокель қол қойды.
Ресейдің Таяу Шығыс институтының басшысы Евгений Сатановский Ресей мемлекеттік телеарнасында өткен дөңгелек үстелде Алясканың Ресейге қайтарылуына тоқталып: «Аляска қайтадан біздікі болады»,- деді.
Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін аляскалықтар АҚШ-тың қамқорлығында болмауы керек деген.