Ақп 19, 2023 21:54 Asia/Almaty
  • Канани: Батыс елдерінің сионистік режимнің қылмыстарына көз жұма қарағаны ұят

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы сионистік режимнің Дамаск пен оның айналасына шабуыл жасағанын айыптап, Батыс елдерінің сионистік режим тарапынан Сирияның аумақтық тұтастығының сан рет бұзылғанына үнсіз қарап отырғанын ұят деп атады.

Израильдің қырғи ұшақтары жексенбі күні таңертең Голлан жоталары жағынан Сирияның әуе кеңістігін бұзып, осы елдің отүстігіндегі аудандарға шабуыл жасады.

Сионистік қырғи ұшақтар әс-Суида облысының солтүстігіндегі бір радарлы нысан, Дамасктың оңтүстігіндегі бір тұрғын үйді нысанаға алды. Соның салдарынан кемінде 20 адам қаза тауып, жараланды.

Насер Кенани сионистік режим мен ДАИШ лаңкестік тобының Сирия халқына қарсы шабуылдарының жалғасып жатқанына тоқталып, бұл екі лаңкестік топтың үйлесімдігін табиғи байланыс деп атап: "Екі апта бұрын Сирияда жойқын зілзала болған жағдайда лаңкестер халықтың азабы мен қиыншылығын күшейтуді көздеп отыр",-деді.     

Насер Кенани халықаралық қауымдастық, әсіресе БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен сионистік режимнің осы ұйымға мүше елге шабуылына қатысты жылдам, қатаң әрі әсерлі шара қолдануын сұрады.

Тегтер