Небензя: «Северный поток» жарылысы - халықаралық терроризм
(last modified Wed, 22 Feb 2023 07:48:59 GMT )
Ақп 22, 2023 13:48 Asia/Almaty
  • Небензя: «Северный поток» жарылысы - халықаралық терроризм

Ресей Федерациясының БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі «Северный поток-1» және «Северный поток-2» газ құбырларының жарылыстарын халықаралық терроризм деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Василий Небензя сейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Көпшілігіңіз есіңізде болса, халықаралық лаңкестік әрекеттің артында кім тұрғаны сол кезде де белгілі болды»,- деді. Сондай-ақ ресейлік дипломат «бүкіл адамзатқа хаос пен елестету мүмкін емес залал» дәуірінің басталуына жол бермеу үшін «Северный поток» жарылыстарына кінәлілерді жауапқа тартудың маңыздылығына назар аударды.

Америкалық журналист Сеймур Херш 2023 жылдың ақпан айының басында Ресейдің «Северный поток» және «Северный поток 2» газ құбырларының астына 2022 жылдың маусым айында норвегиялық мамандардың қолдауымен АҚШ Әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлерінің Balltops жаттығулары аясында жарылғыш заттар қойылғанын мәлімдеді.

Тегтер