Канани: Иран мен Ресейдің әскери-қорғаныс саласындағы қарым-қатынасы ешбір елге қарсы бағытталмаған
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иран мен Ресейдің әскери-қорғаныс саласындағы қарым-қатынасы екі елдің ортақ мүдделері аясында жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеп: "Теһран-Мәскеу қарым-қатынасы ешбір елге қарсы бағытталмаған",-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани: "ИИР мен Ресейдің әскери-қорғаныс саласындағы қарым-қатынасы мен әріптестігі Украинада әскери дағдарыс болғанға дейін басталған",-деді.
Канани Иранның Украина дағдарысының саяси жолмен шешілуін қалайтынын айтып: "Батыс елдерінің Украина дағдарысына қатысты Иранға қарсы айыптары саяси сипатқа ие",-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы сондай-ақ ел Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианның жуырда Ресейге іссапармен баратынын хабарлады.