АҚШ Украинада бейбітшілік орнауына кедергі келтіруде
(last modified Sat, 25 Feb 2023 11:41:13 GMT )
Ақп 25, 2023 17:41 Asia/Almaty
  • АҚШ Украинада  бейбітшілік орнауына кедергі келтіруде

АҚШ мемлекеттік хатшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қытайдың Украинаға қатысты ұсынып отырған 12 тармақтан тұратын бітімгершілік жоспарына реакция білдіріп: «Ресей соғыстағы әрбір үзілісті өз күштерін жаңарту үшін пайдаланады»,- деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украинадағы соғыстың бір жылдығына аоналған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында: «Мәскеу соғыстағы әрбір тыныштықты аумақтағы бақылауды нығайту және күштерін жаңарту үшін пайдаланады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украинада ешбір шартсыз немесе уақытша атысты тоқтату туралы талаптарға алданып қалмауы және  қателесіп екі жақтан да жанжалды тоқтатуды сұрамауы керек»,- деп  уәжденді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Украинадағы бейбітшілік үдерісіне қарсылық танытып: «Бұл кеңестің бірде-бір мүшесі Ресейдің Украинаға қарсы соғысын және БҰҰ Жарғысын қолдап, бейбітшілік орнатуды сұрамауы керек»,- деді.