Канани: Теһран мен Мәскеу қарым-қатынасы екі елдің жоғары басшыларының саяси ерік-жігеріне негізделген
ИИР Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Sputnik ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Екі елдің әлеуеті зор. Бұл мүмкіндіктерді іске қосу арқылы Иран мен Ресейдің мүдделерін қамтамасыз ете алады»,- деді.
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Канани : «Екі ел мұнай-газ энергетикасы саласындағы бай елдер және әлемдік нарықтарды энергиямен қамтамасыз етуде шешуші және бірегей рөл атқарады. Иран мен Ресей техникалық ынтымақтастық пен энергетикалық транзит пен тасымалдау саласында халықаралық энергия нарығын теңестіру үшін бір-бірін толықтырушы және шешуші рөл атқара алады»,- деп мәлімдеді. Канани Иран мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық пен Украинадағы соғысқа қатысты: «Иран Украинадағы соғысқа байланысты ешбір тарапқа, соның ішінде Ресейге де қару-жарақ пен құрал-жабдық бермегенін бірнеше рет мәлімдеген. Екі елдің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығы ешбір елмен қайшы келмейді»,- деп тоқталды.