Ресейдің Иранмен сауда айналымы 20 пайызға артты
(last modified Thu, 02 Mar 2023 11:19:34 GMT )
Нау 02, 2023 17:19 Asia/Almaty
  • Ресейдің Иранмен сауда айналымы 20 пайызға артты

Ресей Сауда палатасының басшысы осы елдің Иранмен сауда айналымы 20 пайызға артқанын хабарлап: "Алдағы жылдарда Теһран мен Мәскеу арасындағы сауда көлемі 10 есе артады деп үміттенеміз",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сергей Катрин: "2022 жылы Ресей мен Иранның арасындағы сауда айналымы 20 пайызға артып, 4,9 млрд долларға жетті. Алдағы жылдарда екіжақты сауда көлемі 40 млрд долларға артады деп күтеміз",-деді.

Ол: "Ресей компаниялары Иран нарығына кіруге ынталанып отыр. Иран – Азияның батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы елдермен байланыстыратын көпір. Иран Батыс санкцияларының астында жылдар бойы жұмыс істеп, теңдессіз тәжірибеге ие болды ",-деді.

Тегтер