Қытай компаниялары Ресейде батыстық брендтердің орнын басты
(last modified Fri, 10 Mar 2023 11:49:36 GMT )
Нау 10, 2023 17:49 Asia/Almaty
  • Қытай компаниялары Ресейде батыстық брендтердің орнын басты

Батыс брендтері Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге санкция ретінде осы елден шығып кеткеннен кейін қытайлық компаниялар олардың орнын басты.

Ресейдің Қытайдағы елшісі Игорь Моргулов Қытайдың орталық теледидарына берген жауабында: "Мәскеу мен Бейжіңнің экономикалық әріптестігі соңғы айларда қарқынды дамып келеді. Кеңейе түсу үшін жақсы перспектива бар",-деді.

Ресей дипломатының айтуынша, Мәскеу Қытайдан Ресейге тауар экспортын, соның ішінде құрал-жабдықтар, техникалар мен күрделі тауарлардың әкелуін қолдайды. Қытайлық компаниялар осылайша Ресей нарығынан шыққан Батыс компанияларының бос орнын толтырып жатыр.

Ресейдің Қытайдағы елшісі ресейлік өнімдердің Қытай базарында танымалдығы артып бара жатқанын айтып: "Ресейдің азық-түлік өнімдері қытайлықтар арасында ерекше сұранысқа ие. Бұл шынымен қуанарлық жайт",-деді.

2022 жылы Ресей мен Қытай арасындағы сауда айналымының көлемі 185 млрд долларға жетті.

Тегтер