Нау 13, 2023 19:52 Asia/Almaty
  • Иран мен Пәкістан арасында сауда және электр қуатымен алмасу туралы келісімшартқа қол қойылды

Иран мен Пәкістан Энергетика министрлерінің қатысуымен екі ел арасында сауда және электр қуатымен алмасу туралы келісімшартқа қол қойылды.

Теһранда Иранның "Таванир" компаниясының директоры Ораш Курди мен Пәкістан Энергетика министрлігінің өкілі Рейхан Ахтар тарапынан қол қойылған осы келісімшартқа сәйкес, екі елдің 132 кВА-лық және 100 МВт-тық желісінде электр қуатымен алмасу әлеуеті 200 МВт-қа дейін өседі.

Инженерлік-техникалық салада әріптесу, ирандық өндірушілердің әлеуетін пайдалану, электр қуаты саласында ортақ компаниялар құру осы келісімшартта келісілген мәселелердің қаратына жатады.  

Тегтер