Нау 14, 2023 19:41 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: АҚШ-тың санкцияларына ұшыраған елдер бір-бірімен әріптесе отырып осы құралды жоюы керек

Ислам революциясының жетекшісі Иран мен Беларусьтың ортақтықтарына тоқталып: "АҚШ-тың санкцияларына ұшыраған елдер бір-бірімен әріптесе отырып, осы құралды жоюы керек",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аятолла Хаменеи Беларусь Президенті Александр Лукашенко мен оның делегациясын қабылдап, АҚШ пен кейбір Батыс елдерінің сұрқия санкцияларын Иран мен Беларусьтың ортақтықтарының бірі деп атап: "АҚШ-тың санкцияларына ұшыраған елдер бір-бірімен әріптесе отырып, бір ортақ кешен құру арқылы санкция құралын жоюы керек. Біз бұлай істеуге болатынына сенміз",-деді.

Аятолла Хаменеи Ислам революциясы жеңіске жеткен күннен бастап АҚШ-тың Иранға қарсы қысым жасап, кейінгі 12 жылда ең ауыр санкциялар салғанына тоқталып: "Ауыр санкциялар Иранды ішкі әлеуеттер мен қабілеттерге назар аударуға итермеледі. Санкциялар кезінде Иранның дамуына жақсы жағдай жасалды. Еліміз түрлі салаларда, соның ішінде ғылым мен технология, медицина мен биология, әуе-ғарыш және нанотехнологиялар саласында таңғажайып жетістіктерге жете алды",-деп еске салды.

Ислам революциясының жетекшісі Иран мен Беларусьтың әріптестік салалары, соның ішінде ғылым мен технология, сауда, халықаралық сахнадағы саяси белсенділіктерге тоқталып, Солтүстік-Оңтүстік дәлізі туралы: "Осы дәлізді іске қосу екі елдің де, Ресей мен аймақтың да мүддесіне сай келеді. Қос тарап осы жобаны орындауға бар күшін салуы керек",-деді.

Беларусь Президенті осы кездесуде Ислам революциясының жетекшісімен жүздескеніне ризалық білдіріп: "Иран санкциялар кезінде таңғажайып жетістіктер мен тәжірибелерге қол жеткізді. Біздің пайымдауымызша, егер санкциялық жағдайды дұрыс пайдаланса, оны дамуға мүмкіндікке айналдыруға болады. Иранға сапармен келгендегі мақсатым – осы елдің жетістіктерін өз көзіммен көру",-деді.

Тегтер