Нау 17, 2023 18:03 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Боррельге: Украинаны Иранның әскери көмегі туралы мәлімдемесіне құжаттық дәлелдер ұсынуға шақырыңыз

Иран Сыртқы істер министрі Еуропалық Одақтың сыртқы саясатының басшысымен телефон арқылы сөйлесіп: «Батыс елдері негізсіз айыптауларды қайталаудың орнына Украинаны екі елдің саяси және әскери делегацияларының ресми кездесуінде құжаттық дәлелдемелерді ұсынуға ынталандыруы, негізсіз және қайталанған айыптауларды ресми диалогпен алмастыруы керек»,- деді.

Амир Абдуллахиан сондай-ақ Боррельмен сұхбатында Иран мен Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің қарым-қатынасы дұрыс жолда екенін айтты. Иран Сыртқы істер министрі сонымен қатар Беррельді жаңалықтарды бұрмалағаны мен оның твиттерінің мазмұны үшін сынға алды.

Жозеп Боррель де: «Украина соғысындағы Иранның ұшқышсыз ұшағы туралы мәлімдемелерге қарамастан, мен Иранның аймақта бейбітшілік орнатуға көмектесу талпыныстарын бағалаймын»,- деді. Боррель осы сұхбатта Иран мен АҚХА-нің ынтымақтастығын оң әрі алға қадам деп атады.

Тегтер