Нау 17, 2023 18:15 Asia/Almaty
  • Иранның Шанхай мүшелерімен саудасы 39 миллиард долларға жетті

Иран Өнеркәсіп министрлігінің халықаралық қатынастар және сауданы дамыту комиссиясының баспасөз хатшысы: «Жыл басынан бахман айының соңына дейін (20 ақпан) Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдермен мұнайдан тыс саудасы 38 миллиард 800 миллион долларға жетті»,- деді.

Сейед Рухолла Латифи: «Биылғы жылдың 11 айында еліміздің Шанхай ұйымына мүше елдермен шикізаттық емес саудасы 6 миллиард долларға жуық өсті, бұл ұқсас кезеңмен салыстырғанда 18,3 пайызға өскенін көрсетеді. Ең жоғары өсу қарқыны импортта болды, бірақ соған қарамастан экспорт әлі де импорттан жоғары болып, еліміздің Шанхай ұйымына мүше және бақылаушы 11 елмен сауда балансы оң 396 миллион 445 мың 467 долларды құрады»,- деп мәлімдеді.

Тегтер