Нау 18, 2023 18:15 Asia/Almaty
  • Құранға тіл тигізген украин жауынгерін тапсырған адам үшін Қадыров 10 миллион рубль сыйақы белгіледі

Шешенстан автономиялық аймағының президенті Рамзан Қадыров жұма күні кешке украиндық әскерилердің Құран Кәрімді қорлауынан кейін бұл сарбазды тірідей ұстау үшін 10 миллион ресей рубліне (168 мың долларға) тең сыйақы тағайындады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қадыров сондай-ақ Құранға тіл тигізген солдаттың денесін тапсыратын адамға 5 миллион рубль тағайындады. Ол  украин жауынгеріне: «Мен сені тауып, жазалау үшін бар күш-жігерімді, қаржылай қаражатымды аямаймын және Алла Тағаладан өміріңді тезірек аяқтауды сұраймын»,- деп ескерту жасады.