Зариф: Асадтың тағдыры туралы шешім қабылдау Сирия халқының ісі
Иранның Сыртқы істер министрі: «Сириядағы билік жайлы шешім қабылдау осы елдің халқына ғана қатысты»,-деп баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Мюнхеннен Теһран бағытына қарай ұшар алдында тілшілерге берген сұхбатта АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Сириядағы билікке қатысты сөздеріне реакция білдіріп: «Сирия Президенті Башар Асад туралы шешім қабылдау осы ел халқының ісі»,-деп мәлімдеді.
Зариф Асадпен саяси шешім жолын табуға мүмкіндік барын айтып: «Ешбір ел бұл мәселе жайында пікір білдіре алмайды, тек Сирия халқы ғана пікір айта алады»,-деді.
52-ші Мюнхен қауіпсіздік конференциясы 12-14 ақпан аралығында Германияның Мюнхен қаласында өтті. Оған әлем елдерінің 23 басшысы мен ондаған министр, соның ішінде Иранның Сыртқы істер министрі қатысты.