Қытай Қорғаныс министрі Ресей Президентімен кездесті
Мәскеуге барған Қытай Қорғаныс министрі дүйсенбі күні Ресей Президентімен кездесті.
Ресей Президенті Владимир Путин Ресейдің астанасы Мәскеуде Қытай Қорғаныс министрі Ли Шанфумен кездесуінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Ресейге жасаған соңғы сапарына тоқталып: «Екі ел басшыларының диалогы Ресей мен Қытай арасындағы аймақтағы қарым-қатынастарды дамытуға, сондай-ақ екі ел арасындағы стратегиялық үйлестіруді одан әрі нығайтуға және экономика, мәдениет және білім сияқты салалардағы екіжақты практикалық ынтымақтастықты тереңдетуге жол ашты»,- деді.
Владимир Путин Ресей мен Қытай арасындағы екіжақты қарым-қатынаста әскери ынтымақтастықтың маңызды рөл атқаратынын айтып: «Екі елдің әскерлері бірлескен дайындық, кәсіби алмасу және басқа да салалардағы ынтымақтастығын нығайтуы керек және бұл арқылы екі ел арасындағы өзара сенім жалғаса береді»,- деп үміт білдірді.