Maм 24, 2023 16:42 Asia/Almaty
  • Раиси: АҚШ-тың монополиялық және үстемдік жүйесінің дәуірі аяқталды

ИИР Президенті: «Сахнаға жаңадан шыққан державалардың күшеюімен АҚШ монополиясы мен үстемдігі дәуірі аяқталды»,- деді.

 

ИИР Президенті Ибрахим Раиси сейсенбі күні Джакарта Ислам орталығында Индонезияның бір топ халқымен кездесуінде, үстемдік жүйенің әлемде өзінің үстемдігін жалғастырғысы келетініне назар аудартып: «Бүгінгі күні Ислам республикасына қарсы шығудың себебі - Ислам республикасының үстемшіл жүйесіне  бағынғысы келмеуі. Дамып келе жатқан державалардың пайда болуымен АҚШ-тың  монополиясы мен үстемдігі дәуірі аяқталды»,- деп айтты. Раиси АҚШ пен Батыстың демократия туралы уәждерін өтірік деп атап, Батыс елдері мен АҚШ-тың демократияны емес, билеп-төстеуді іздеп, ұлттардың байлығын талан-таражға салып жатқанына тоқталып, Батыс елдерінің қайраткерлеріне қарата:  «Егер демократияны іздесеңдер, палестиналықтар, йемендіктер және Ауғанстан халқы өз тағдырын өздері анықтасын»,- деді. Раиси Америка мен Батыстың демократия туралы уәждерін өтірік деп атап, Батыс елдерінің қайраткерлеріне қарата: «Батыс елдері мен Америка демократияны іздемейді, олар үстемдік іздеп, ұлттардың байлығын талан-таражға салып жатыр»,- деді.

Иран Президенті  бірлікті Ислам үмбетінің Ислам дұшпандарының бөлінуіне қарсы стратегиясы деп атап: «Ислам және дін атын жамылып, ислам қоғамында алауыздық тудырып, қан төгіп жатқандар, Ислам мен Құранға еш қатысы жоқтар бүгінде ислам елдері бір-бірімен өте тығыз қарым-қатынаста болуы керек»,- деп мәлімдеді. Раиси Индонезияға сапарының мақсатын бұл елмен саяси, экономикалық, сауда-саттық, мәдени және өркениеттік қарым-қатынастарды дамыту  екенін жариялап, екі ел арасындағы қарым-қатынас деңгейін жақсарту үшін екі елдің әлеуетін пайдалану маңызды екенін атап өтті. ИИР Президенті бүгін сионистік режимнің Палестина халқының құқықтарын таптап жатқанын айтып: «Біз Палестина халқын құтқару үшін талпынуымыз керек және біздің мұсылмандығымыз әлемдегі мазлұмдалған және мақрұм қалған мұсылмандарға назар аударуға байланысты және біз олардың барлығына жауаптымыз».

 

Тегтер