Иран мен Оман басшылары арасында 4 ынтымақтастық құжатына қол қойылды
Maм 29, 2023 19:21 Asia/Almaty
Оман сұлтанының Иранға сапары барысында екі ел басшылары арасында 4 ынтымақтастық құжатына қол қойылды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Оман сұлтаны Хисам бен Тарактың Иранға сапары барысында екі ел басшылары арасында экономика мен инвестиция салу, еркін экономикалық аймақтарда әріптестік жасау және энергетика саласында ынтымақтастық жасау туралы 4 құжатқа қол қойылды.
Иран тарапынан Мұнай министрі, Қаржы және экономика министрі, Еркін сауда-өнеркәсіп аймақтарының жоғары кеңесінің бас хатшысы және Экономика істері жөніндегі арнайы өкілі және Оман тарапынан Энергетика министрі мен Сауда және экономика министрі екі елдің ортақ ынтымақтастық құжаттарына қол қойды.
Тегтер