Maм 30, 2023 16:34 Asia/Almaty
  • Қытай АҚШ-тың қорғаныс министрлердің кездесуін сұрауына қарсылығын білдірді

Қытай Вашингтонның осы аптада Ллойд Остин мен оның қытайлық әріптесі Ли Шанфу арасындағы кездесу туралы өтінішіне қарсы шықты.

Бұл жаңалықты жариялаған Пентагонның баспасөз хатшысы Патрик Райдер екі ел арасындағы бәсекелестіктің қақтығысқа айналуына жол бермеу үшін Пентагонның Бейжің мен Вашингтон арасындағы әскери байланыс арналарын сақтау қажеттігіне қатты сенетінін мәлімдеді. Ол: «АҚШ-тың Ли Шанфуға  қарсы санкциялары Ллойд Остиннің онымен ресми үкімет міндеті аясында кездесуіне кедергі келтірмейді»,- деді. АҚШ-тың жоғары лауазымды әскери шенеунігі: «Бұл Бейжіңнің АҚШ Қорғаныс министрі, Біріккен Штабтар бастықтары төрағасы және басқа да Пентагон шенеуніктерінің қытайлық әріптестерімен кездесу туралы өтінішіне қарсы шығуы бірінші рет емес»,- деп жариялады.

Тегтер