Германия Сыртқы істер министрі: Соғысып жатқан ел НАТО-ға қабылдана алмайды
https://itolqyn.com/news/world-i70104-Германия_Сыртқы_істер_министрі_Соғысып_жатқан_ел_НАТО_ға_қабылдана_алмайды
Германия Сыртқы істер министрі: "НАТО соғысып жатқан елді мүшелікке қабылдай алмайды",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 01, 2023 20:52 Asia/Almaty
  • Германия Сыртқы істер министрі: Соғысып жатқан ел НАТО-ға қабылдана алмайды

Германия Сыртқы істер министрі: "НАТО соғысып жатқан елді мүшелікке қабылдай алмайды",-деді.

Анналена Бербок Норвегияның астанасы Ослода НАТО-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысында: "НАТО-ның жаңа елдерді қабылдауға қатысты ашық есік саясаты әлі де жалғасуда",-деді.

НАТО-ның бас хатшысы: "Украина болашақта НАТО-ның мүшесі болады",-деді.

Йенс Столтенберг НАТО-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлері отырысының алдында: "Ресейде НАТО-ның кеңеюіне қарсы вето құқығы жоқ",-деді.

Бұл сөздер кеше Украина Президенті өз елінің НАТО-ға қосылуға дайын екенін жариялағаннан кейін айтылды. Ресей Украинаның НАТО-ға қосылуына түбегейлі қарсы. Владимир Путин мұның Ресей үшін бір қызыл сызық болатын ескертті.

НАТО-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысы бүгін Ослода басталып, екі күнге созылады.