Америкалық сарапшылар АҚШ басшылығындағы жаһандық тәртіпке қарсы Иран, Ресей және Қытай арасындағы ынтымақтастықтың күшеюіне алаңдаушылық білдірді
Маусым 07, 2023 16:44 Asia/Almaty
Epoch Times сайтының америкалық сарапшыларға сілтеме жасап хабарлауынша, Қытай, Иран және Ресей ынтымақтастықты арттырып жатыр.
«Жаңа американдық қауіпсіздік орталығының» аға мүшесі Андра Кендалл Тейлор бұл ақпарат сайтына: «Осы державалардың үшеуі де АҚШ-ты әлсіретіп, халықаралық тәртіпті қайта құруға тырысады. Ресей, Қытай және Иран арасындағы белсенді ынтымақтастық Америка Құрама Штаттарына төнетін қаупті арттырады. Олапдың бірлесіп жұмыс істеулерінен туындайтын қиындықтар, егер олар жеке жұмыс істейтін болса, осы үш елдің әрқайсысы тудыратын қиындықтардың қосындысынан үлкенірек», - деді.