Германияда НАТО-ның әскери жаттығуына қарсы ауқымды митинг өтті
https://itolqyn.com/news/world-i70330-Германияда_НАТО_ның_әскери_жаттығуына_қарсы_ауқымды_митинг_өтті
Жүздеген наразы Германияның Вюнсдорф әуе базасы алдында НАТО-ның әскери жаттығуына қарсы ауқымды митинг өткізіп, Украинаға қару-жарақ жіберуді тоқтатуды талап етті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 12, 2023 00:20 Asia/Almaty
  • Германияда НАТО-ның әскери жаттығуына қарсы ауқымды митинг өтті

Жүздеген наразы Германияның Вюнсдорф әуе базасы алдында НАТО-ның әскери жаттығуына қарсы ауқымды митинг өткізіп, Украинаға қару-жарақ жіберуді тоқтатуды талап етті.

Air Defender-2023 әуе жаттығуы Германияда 12-23 маусым аралығында өтеді. Онда 25 елден 10 мың сарбаз бен 250 ұшақ қатысып, одақтас елдер мен дұшпандарға НАТО-ның күш-қуатын көрсетуге талпынады.

Германия мен АҚШ басшыларының айтуынша, бұл НАТО құрылғалы бері әуе күштерінің қатысуымен өтетін ең ірі әскери жаттығу болып табылады. НАТО-ға қосылуды қалайтын Швеция мен Жапония да осы жаттығуға қатысады.

Германиялық наразылар бұл әскери жаттығудың Украинада қақтығыстар мен текетірестің күшейіп кетуіне себеп болады деп алаңдап отыр.