Антонов үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуы туралы ескертті
Ресейдің Америкадағы елшісі Вашингтон адамзатты үшінші дүниежүзілік соғысқа итермелеп жатқанын мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Анатолий Антонов: «Вашингтонның Украинаны кассеталық оқ-дәрімен жабдықтау туралы шешімі Американың шарасыздығын көрсетеді. Бұл әрекетімен Америка адамзатты жаңа дүниежүзілік соғысқа итермелеп отыр»,- деді.
Ресейдің Америкадағы елшісі Батыс қаруларын Украинаға жіберу Ресейдің Украинадағы мақсаттарын жүзеге асыруға ешқандай әсер етпейтінін мәлімдеді. Ол: «Украинаны кассеталық қарумен жарақтандыру арқылы АҚШ көптеген жылдар бойы бейбіт тұрғындарға қауіп төндіруде»,- деп айтты. Антоновтың мәлімдемесі Ресей Федерациясы Кеңесі төрағасының орынбасары Константин Косачев Американың бұдан былай касеталық қарудан зардап шеккендердің барлығына жауап беретінін айтқан кезде жасалды.
АҚШ президенті Джо Байден CNN арнасына берген сұхбатында Киевке әскери қару жіберуді жалғастыра отырып, ел Украина армиясының иелігіне «кластерлік бомбалар» қоюды мақұлдағанын ресми түрде растады.