Сребреница мұсылмандарының геноцидінің жылдығы
https://itolqyn.com/news/world-i71036-Сребреница_мұсылмандарының_геноцидінің_жылдығы
Босния-Герцеговинаның шығысындағы Сребреница қаласындағы геноцид құрбандарын еске алудың 28-ші жылдығы Иран өкілдерінің қатысуымен өтті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 12, 2023 14:10 Asia/Almaty

Босния-Герцеговинаның шығысындағы Сребреница қаласындағы геноцид құрбандарын еске алудың 28-ші жылдығы Иран өкілдерінің қатысуымен өтті.

Иранпресс ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сейсенбі күні Иран Ислам Республикасының Босния-Герцеговинадағы елшілігінің басшысы Машалла Шокери, дипломаттар мен ирандық мекеме басшылары мен Ираннан бір делегация сейсенбі күні Сребреница геноцидінің 28 жылдығын еске алу шарасына қатысты.

Осы рәсіммен бір мезгілде Поточариде   30 шәһидтің сүйегі жерленді.

Есептер бойынша, үш күн ішінде Сребреница мен оның маңындағы аудандарда 10 мыңнан астам адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың түпкілікті саны сегіз мың 372 деп жарияланғанымен, олардың көбі із-түзсіз жоғалып кеткен.