АҚШ Түркияның Сирияға жасаған шабуылына реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i712-АҚШ_Түркияның_Сирияға_жасаған_шабуылына_реакция_білдірді
АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Түркияның Сирияға жасап жатқан шабуылдарының тоқтатылуын талап етті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 14, 2016 16:06 Asia/Almaty
  • АҚШ Түркияның Сирияға жасаған шабуылына реакция білдірді

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Түркияның Сирияға жасап жатқан шабуылдарының тоқтатылуын талап етті.

«France» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Джон Кёрби сенбі күні Түркия үкіметінен Алеппо қаласындағы күрд күрескерлері мен сириялық күштерге шабуылдарды тоқтатуды сұрап:

«Шиеленісті күшейтудің орнына Сирияда атысты тоқтату бітімі туралы келісімнің орындалуына жағдай жасау қажет»,-деп баса айтты.

Түркия сенбі күні кешке Сирияның солтүстік-батысындағы осы ел армиясының позицияларын нысанаға алды.

Сирия армиясының солтүстік және солтүстік-батыс майданындағы, әсіресе Алеппо стратегиялық аймағындағы жуырдағы жеңістері сириялық лаңкестердің шетелдік демеушілерін, әсіресе Түркия мен Сауд Арабиясын әуре-сарсаңға салды.

Осы орайда йемендік күштермен күресуде қиындыққа тап болған Сауд Арабиясы өткен аптада Сирияға құрлық күштерін жіберуді көздеп отырғанын мәлімдеді. Бұл шешім Түркияның қолдауына ие болды.