Батыс-Африка елдерінің ультиматумы аяқталды
Там 08, 2023 09:36 Asia/Almaty
Батыс-Африка елдерінің Нигер төңкерісшілеріне билікті тастап, демократиялық үкіметке қайта оралу үшін берген 7 күндік ультиматумы аяқталғаннан кейін Ниамей халқы ауқымды шеру өткізді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нигер халқы, әсіресе осы елдің жастары жексенбі күні Ниамейдің Général Seyni Countche стадионында жиналып, кез келген әскери шабуылға төтеп беретінін көрсетті.
Нигер шерушілері елдегі саяси жағдайға ризалық білдіріп, Батыс империализміне қарсы күресу керегін баса айтып: "Өз елімізді кез келген әскери араласушылықтан қорғауға дайынбыз",-деп мәлімдеді.