Иран АҚШ-пен бұғатталған активтерді босату және тұтқындармен алмасу туралы келісті
(last modified Fri, 11 Aug 2023 18:40:46 GMT )
Там 12, 2023 00:40 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-пен бұғатталған активтерді босату және тұтқындармен алмасу туралы келісті

ИИР СІМ өзінің бұғатталған активтерін босату және АҚШ тарапынан заңсыз қамауға алынған бірқатар тұтқындарды азат ету туралы мәлімдеме жасады.

Мәлімдеме бойынша, АҚШ тарапынан Оңтүстік Кореяда бірнеше жылға заңсыз бұғатталған Иранның бірнеше миллиард долларын босату үдерісі басталды. Иран АҚШ-тың осы істе өз міндеттемелерін орындайтынына тиісті кепілдік алды.

Иран мен АҚШ арасында тұтқындармен алмасу және бұғатталған активтерді босату туралы келіссөздер бұрыннан бері тікелей және жанама түрде жүргізіліп келеді. 2023 жылы наурызда осы мәселеге қатысты жан-жақты келісім жасалды. Бірақ америкалық тараптың бүлдіргі әрекеттері мен жаңа мәселелер көтеруі салдарынан келісім тоқтап қалған болатын. Қазір Иран өз шарттарына табандылық танытқандықтан Байден үкіметі іс жүзінде Теһранның шарттарын қабылдады. Иран АҚШ-қа сенбей: "Иранның бұғатталған активтері толық жіберілмейінше Иранда қауіпсіздік қылмыстарын жасады деп айыпталған қос азаматтығы бар тұтқындар босатылмайды",-деп тікелей мәлімдеді.

Иран Президентінің саяси істер жөніндегі орынбасары Мұхаммед Джамшиди әлеуметтік желідегі өз парақшасында осыған қатысты: "Иракта Иранның активтері босатылғаннан кейін Оңтүстік Кореядағы активтерді де түгел босату үдерісі басталды. Қаражат толық жіберілмейінше АҚШ сұраған тұтқындар бұрынғыдай Иранда қала береді",-деп жазды.

Маңызды жайт, Иранның Байден үкіметімен келісімі АҚШ-тағы әсіре саясаткерлердің қатаң наразылығын тудырды.  Әсіре республикашыл сенатор Том Коттон өз мәлімдемесінде қос азаматтығы бар тұтқындарды босатуды қолдағанымен, Джо Байденнің Теһранмен осы мәселе жөнінде келісім жасағанын қатаң сынап, Байденді Иран сазына билеп жатыр деп айыптады.

Трамп үкіметінің әсіре мемлекеттік хатшысы Майк Помпео де тұтқындармен алмасу туралы келісімге реакциясында X желісіндегі (бұрынғы Твиттер) жеке парақшасында ИИР басшыларына ашу-ыза білдіріп: "Америкалық тұтқындарды азат ету үшін Иранның 6 млрд долларын босатуға келісу – қорқынышты мәміле",-деді.