Ресей Қорғаныс министрлігі: АҚШ өзінің әскери мақсаттары үшін вирустардың гендік мутациясын пайдалануды көздеп отыр
Там 17, 2023 20:00 Asia/Almaty
Ресей Қорғаныс министрлігі: "АҚШ өзінің әскери мақсаттары үшін вирустардың гендік мутациясын пайдалануды көздеп отыр",-деп мәлімдеді.
Ресейдің ядролық, биологиялық және химиялық қорғаныс басшысы: "Вашингтон әлемнің түкпір-түкпіріндегі биологиялық зертханалардан түрлі ауру тудыратын вирустарды жинап жатыр. Оларды өз мүдделерін ілгерілету үшін әскери бағытта пайдалануды көздеп отыр",-деді.
Ресей былтыр қазан айында АҚШ-тың биологиялық зертханалары тақырыбын БҰҰ жиналысында көтеріп, осыған қатысты халықаралық тексеріс жүргізуді талап етті. Бірақ бұл өтініш БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тарапынан қабылданбай тасталды.