Лос-Анджелесте жер сілкінісі болды
(last modified Mon, 21 Aug 2023 12:31:23 GMT )
Там 21, 2023 18:31 Asia/Almaty

Жексенбі күні түстен кейін АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелестің солтүстігінде 5,1 баллдық жер сілкінісі болды.

Охай ауданында болған жер сілкінісінің ұсақ толқындары халықты шошытты.  

Басқа жағынан АҚШ-тың ұлттық климаттық қызметі Калифорния штатында "Хиллари" дауылы болу мүмкіндігін ескертті.

АҚШ-тың кейбір метеорологтары бұл дауылды жойқын әрі қорқынышты деп бағалады.