Қыр 05, 2023 11:28 Asia/Almaty
  • Ресей астықты экспорттауды қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді

Түркия президентімен кездесуінде Ресей президенті өз елінің астық келісімін жүзеге асыруды қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді.

 

Путин Түркиямен энергетика саласында да қарым-қатынастардың кеңейетінін айтты. Бұл кездесуде Ердоған астық экспорты жөніндегі келісімнің орындалуын қайта бастау мәселесін өте маңызды деп атады. Түркия президенті сондай-ақ коммерциялық операцияларда ұлттық валюталарды пайдалануды жалғастыруға баса назар аударды. Ердоғанның Ресейдің Сочи қаласына сапарының мақсаты - Мәскеу екі айға жуық бұрын кері қайтарып алған Украина астық экспорты келісімін қайта жандандыруға Путинді көндіру.

Өткен жылы Ресей мен Украина арасындағы соғыстың әлемдік азық-түлік бағасына әсерін азайту және әсіресе бірқатар импорттаушы елдерді қажет ететін астықпен қамтамасыз ету мақсатында Стамбұлда «Астық дәлізі» туралы келісімге қол қойылып, бірнеше рет ұзартылды.

 

Тегтер