Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Бас директоры Иранға қатысты мәлімдеме жасады
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Бас директоры Иранмен қауіпсіздік мәселелерін шешу туралы келісімнің орындалу барысы туралы уәждерін тағы да қайталады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Рафаэль Гросси кеше, дүйсенбі күні Венадағы Агенттік Басқарушылар кеңесі отырысының жаңа кезенінің бірінші күні: «2023 жылғы 4 наурыздағы бірлескен мәлімдемеге сәйкес белгіленген іс-шараларды жүзеге асыруда Иран басқа ешқандай прогресске қол жеткізген жоқ",- деді.
Гросси Иранның агенттікпен қорғаныс келісімдеріндегі міндеттемелеріне сәйкес өзара әрекеттесу мен ынтымақтастығын жалғастыруына сілтеме жасамай: «Қалған қауіпсіздік мәселелері Иранның міндеттемелеріне байланысты және шешілуі керек",- деп айтты.