Қыр 13, 2023 12:34 Asia/Almaty
  • Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2901 адамға жетті

Марокко Ішкі істер министрлігі бұл елдегі қорқынышты жер сілкінісінен қаза тапқандар санының 2901-ге, жараланғандар санының 5530-ға жеткенін хабарлады.

 

Марокко Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде жер сілкінісінен қаза тапқандар санының 2901-ге, жаралылардың санының 5530-ға жеткені атап көрсетілді.

Бұған дейін Марокконың геологиялық ұйымы мәлімдеме жасап, жұма күні сағат 23:00-де елдің әртүрлі аймақтарында 7 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жер сілкінісінен кем дегенде 300 000 марокколық зардап шеккенін хабарлады.

 

Тегтер