ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы Әзірбайжан Қорғаныс министрімен телефон арқылы сұхбаттасты
ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммед Бағери Әзірбайжан Қорғаныс министрі генерал Закир Хасановпен сұхбатында: "Бұл елдің шекарасына әскери күш жіберілмеді және шекара нығайтылмады",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы сұхбатта Әзірбайжанның Қорғаныс министрі ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысына ирандық делегация жіберіп, ортақ әскери ынтымақтастық комиссиясының жиналысын өткізгені үшін алғыс айтып, екі ел арасында ортақ әскери жаттығу өткізуді ұсынып: "Әзірбайжан халықаралық принциптер негізінде елдердің егемендік құқығын берік сақтайды және көршілес елдердің жеріне көз алартпайды",-деді.
Генерал-майор Бағери де осы телефон арқылы сұхбатта Әзірбайжан республикасының ирандық әскери делегацияны жақсы қабылдағанына алғыс айтып, кейбір ақпарат құралдарында Әзірбайжан шекарасына әскери күштер жіберілгені туралы тараған ақпараттарды теріске шығарып: "Екі елдің ортақ шекарасында қауіпсіздік жақсы сақталған",-деді.