Украина билігі Херсоннан бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға бұйрық берді
(last modified Fri, 15 Sep 2023 06:14:24 GMT )
Қыр 15, 2023 12:14 Asia/Almaty
  • Украина билігі Херсоннан бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға бұйрық берді

Ақпарат көздері Украина билігі Херсон облысынан бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға бұйрық берілгенін хабарлады.

 

Аймақтың бір бөлігі ресейлік күштердің бақылауында және үнемі артиллериялық шабуылдардың нысанасына алынады. Бұл аймақтың губернаторы Александр Прокудин: «Херсон аймақтық қорғаныс кеңесі жаудың үздіксіз оқ жаудыратын аймақтардан балалы отбасыларды мәжбүрлеп көшіру туралы шешім қабылдады",- деді.

Сейсенбі күні Ресей Қорғаныс министрлігі осы елдің күштерімен қақтығыс кезінде Украина армиясының шығыны туралы жаңа статистикалық мәліметтерді ұсынды. Министрлік мәлімдемесінде украин әскерлерінің Донецк, Кобянск, Запорожье, Краснилиман және Херсон оңтүстік осьтеріндегі бір тәулік ішінде ресейлік позицияларға қарсы кем дегенде тоғыз шабуыл операциясы тойтарыс бергенін айтты.