Қыр 17, 2023 19:19 Asia/Almaty
  • Польша, Словакия мен Венгрия Украинадан астық импорттауға тыйым салды

Польша, Словакия мен Венгрия Еуропа комиссиясының талабына қарамастан Украинадан астық импорттауға тыйым салды.

Еуропа комиссиясы қаулы қабылдап, Украина астығын Еуроодаққа мүше елдерге импорттауға салынған тыйымның күшін жойды. Сөйтіп Украина астығын Қара теңіз арқылы емес, темір және тас жол арқылы экспорттауға мүмкіндік тудыруды көздеді.

Ресей екі ай бұрын Қара теңіз арқылы астық экспорттау келісімін ұзартудан бас тартты. Мәскеу бұл шешімге Батыс елдерінің Ресейдің ауыл шаруашылығы өнімдеріне қарсы салған санкциялары себеп болды деп мәлімдеді. Еуроодақтың Қара теңізді айналып өтіп, Украина астығын импорттауға шешім қабылдағанына қарамастан, Польша, Словакия мен Венгрия өз егіншілерін қолдау мақсатында аталмыш қаулыны орындаудан бас тартты.
Венгрия Премьер-министрі  өз шешімін түсіндіре келіп: "Еуропа Украина астығына қатысты алданды. Ол АҚШ-тың мүддесін қолдап отыр",-деді.

Венгрия Премьер-министрінің айтуынша, Украинада астық өндірісі бірнеше ірі америкалық компанияның қолында. Олар Украинадағы егіс алқаптарын меншікке алған. 

Тегтер