Әлем елдерінің сионистердің қылмыстарына реакциясы
Қытай Сыртқы істер министрі: "Палестинаға қарсы тарихи зұлымдық тоқтатылуы тиіс ",-деді.
Ван И: "Тель-Авив Газаны бомбалауды тоқтатуы тиіс. Қытай Газада атысты тоқтату бітімін орнату туралы сөйлесу үшін жуырда Батыс Азияға делегация жібереді",-деді.
Иордания Сыртқы істер министрі сионистердің қылмыстарын айыптап: "Израиль режимінің палестиналықтарды көшіру туралы шешімі – соғыс қылмысы",-деді.
Айман әс-Сафади: "Газа секторындағы гуманитарлық апат аймақты жарға жығады. Халықаралық қауымдастық Израиль режимін айыптауы тиіс",-деді.
БҰҰ-дағы Ресейдің тұрақты өкілі де: "Батыс Азия аймағы бұрын-соңғы болмаған гуманитарлық апат пен бір ауқымды соғыстың алдында тұр",-деп ескертті.
Василий Небензя: "Жағдайдың ушығуына АҚШ жауапты",-деді.
Бұған дейін Ресей Президенті: "Қазіргі жағдайдың себебі – АҚШ-тың біржақты сәтсіз саясаты",-деген болатын. Путин сионистік режимнің Газа секторын қоршауға алуын қабылдауға келмейтінін айтып, басқыншылардың шабуылын жабайылық деп атады.