Сириядағы АҚШ-тың екі маңызды әскери базасына дрондар және зымырандармен шабуыл жасалды
(last modified Thu, 19 Oct 2023 10:41:23 GMT )
Қаз 19, 2023 16:41 Asia/Almaty
  • Сириядағы АҚШ-тың екі маңызды әскери базасына дрондар және зымырандармен шабуыл жасалды

Ақпарат көздері Сириядағы АҚШ-тың "әт-Танаф" базасына дрондармен, ал Конико газ кенішіндегі базасына зымырандармен шабуыл жасалғанын хабарлады.

Al-Mayadeen телеарнасының хабарлауынша, АҚШ-тың "әт-Танаф" базасына үш дрон атылған, бірақ шабуылдың шығыны туралы ақпарат берілмеді.  

"Әт-Танаф" базасы Сирияның оңтүстік-шығысындағы америкалық әскерилердің ең маңызды бекінісі саналады. Ол Сирия, Ирак пен Иорданияның шекарасында орналасқан. Айта кетейік, «Магавир ат-Тура» лаңкестік тобының штаб-пәтері де осы базаның ішінде, америкалық күштерге жақын жерде орналасқан.

Тегтер