Иран мен Иордания сионистердің қылмыстарын дереу тоқтату керегін айтты
(last modified Thu, 19 Oct 2023 10:59:24 GMT )
Қаз 19, 2023 16:59 Asia/Almaty
  • Иран мен Иордания сионистердің қылмыстарын дереу тоқтату керегін айтты

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан мен Иордания Сыртқы істер министрі Айман ас-Сафади телефон арқылы сұхбаттасып, Палестинаның қазіргі жағдайы мен сионистік режимнің Газа секторына шабуылын талқылады.

Осы сұхбатта тараптар сионистік режимнің Газа халқына, әсіресе әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстарын тоқтату үшін шұғыл шара қолдану, Газа секторын қоршаудан босату, аймаққа халықаралық көмектерді жылдам жеткізу және Палестина халқын мәжбүрлеп көшірудің алдын алу керегін баса айтты.