Ислам ынтымақтастық ұйымы Израильдің Палестинаға қарсы соғыс қылмыстарын доғару керегін бірауыздан қолдап отыр
(last modified Fri, 20 Oct 2023 11:55:08 GMT )
Қаз 20, 2023 17:55 Asia/Almaty
  • Ислам ынтымақтастық ұйымы Израильдің Палестинаға қарсы соғыс қылмыстарын доғару керегін бірауыздан қолдап отыр

Иран Сыртқы істер министрі Ислам ынтымақтастық ұйымының Палестина мәселесіне қатысты төтенше отырыс өткізгенін айтып: "Осы отырысқа қатысқан барлық елдердің Сыртқы істер министрлері сионистік режимнің Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауының тұрғындарына қарсы соғыс қылмыстарын дереу доғару керегін қолдайды",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан бейсенбі күні Сауд Арабиясынан елге қайтар алдында тілшілерге берген сұхбатында Джиддада өткен ИЫҰ-на мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің төтенше отырысы туралы: "Қатысушылар Палестинада бейбіт тұрғындар, әйелдер мен балаларды қырып-жоюды тоқтату үшін саяси белсенділердің араласуы керегін баса айтты",-деді.  

Амир Абдуллахиан: "Джиддадан тағы бір рет бар дауысыммен жариялағым келеді: Мұрсат аяқталып келеді. Егер соғысқұмарлар қарсыласу қозғалысы мен ХАМАС-ты Газадан шығара аламыз деп ойласа, қатты қателеседі",-деді.

Тегтер