Амир Абдуллахиан Катар Сыртқы істер министрімен Газа жайлы кеңесті
https://itolqyn.com/news/world-i73394
Катардың Сыртқы істер министрі әрі Премьер-министрі жексенбі күні Иранның Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианмен Палестина мен Газа секторының қазіргі жағдайы туралы телефон арқылы сұхбаттасты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 30, 2023 22:21 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Катар Сыртқы істер министрімен Газа жайлы кеңесті

Катардың Сыртқы істер министрі әрі Премьер-министрі жексенбі күні Иранның Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианмен Палестина мен Газа секторының қазіргі жағдайы туралы телефон арқылы сұхбаттасты.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед бен Абдурахман әл-Сани кеше өзінің ирандық әріптесімен сұхбатында палестиналықтар мен сионистер арасындағы қақтығыстарды тоқтату керегін баса айтты.

Екі елдің Сыртқы істер министрлері сондай-ақ Газа секторындағы бейбіт палестиналықтарға қолдау білдіруді сұрады.