Ирвани: Израиль өкілінің жеккөрінішті және арандатушылық сөздерін айыптау керек
Иранның БҰҰ-дағы елшісі және тұрақты өкілі сионистік режим өкілінің Иранға қарсы негізсіз айыптауларын қабылдамай, оның жеккөрінішті мінез-құлқын, өшпенділік пен арандатушылық сөздерін айыптауға баса назар аударды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Амир Саид Ирвани БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің басшысына жолдаған хатында Израиль режимінің өкілінің тағы да Қауіпсіздік кеңесіне қиянат жасап, иранфобияны таратуға тырысып, Ислам Республикасына қарсы негізсіз айыптар тағып отырғанын айтты. Ирвани: "Израиль режимінің өкілі содан кейін жалған ақпарат тарату, жеккөрінішті және арандатушылық сөздерді қолданып, Иран қайраткерлерінің ар-намысына тіл тигізді. Бұл жеккөрінішті әрекет жек көрушілікті насихаттаудың айқын мысалы болып табылады және оны анық айыптау керек",- деді. Ирвани сионистік режим билігінің БҰҰ ашық ескермейтінін және Израильдің апартеидті басқыншы режимінің жетпіс жылдан астам уақыт бойы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары мен нормаларын, әсіресе, басып алынған Палестинадағы халықаралық гуманитарлық құқық пен халықаралық адам құқықтары туралы заңдарды ашық түрде бұзуды жалғастырды",- деп мәлімдеді.