Ресей халқы Украина соғысын тоқтатуды қалайды
(last modified Thu, 02 Nov 2023 09:51:39 GMT )
Қар 02, 2023 15:51 Asia/Almaty
  • Ресей халқы Украина соғысын тоқтатуды қалайды

Сауалнама бойынша, Ресей халқының 70 пайызы Украинамен соғысты тоқтатуды қолдайды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдегі "Левада-Центр" тәуелсіз сараптама орталығы 19-25 қазан аралығында елдің 137 ауданында 1607 азаматтан алған соңғы сауалнама нәтижесін сәрсенбі күні жариялады.

Сауалнама бойынша, Ресей халқының 70 пайызы осы ел Президенті Владимир Путин Украинамен соғысты тоқтатуға шешім қабылдаған жағдайда оны қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

Сауалнама бойынша, Ресей халқының 76 пайызы осы ел армиясының Украинадағы әрекеттерін қолдайды.