Алжир Израильмен соғысуға рұқсат ету туралы заңды бекітті
(last modified Fri, 03 Nov 2023 18:26:53 GMT )
Қар 04, 2023 00:26 Asia/Almaty
  • Алжир Израильмен соғысуға рұқсат ету туралы заңды бекітті

Алжир Парламенті 100 пайыз дауыспен осы ел Президентіне қажет болған жағдайда Палестинаның жазықсыз халқын қорғау үшін сионистік режиммен соғысуға рұқсат берді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әртүрлі аймақ халықтарының сионистік режимнің Газадағы қылмыстарына наразылықтарының жалғасында Алжир Парламентінің депутаттары көпшілік дауыспен ресми түрде осы ел басшысына қажет болған жағдайда сионистік режиммен соғысуға рұқсат берді.

Алжир Парламентінде дауыс беру рәсімі Палестина халқы мен қарсыласу топтарын қолдауға бағытталған ұрандармен өтті.

Алжир – өз үкіметіне сионистік режиммен соғысуға рұқсат берген алғашқы араб елі.

Тамыз айында Алжир Парламентінің төрағасы Мұса Харфи өз елінің сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыптандырмайтынын баса айтқан болатын.