Иран мен Ирак Сыртқы істер министрлері Палестинадағы өзгерістер жайлы кеңесті
(last modified Sun, 05 Nov 2023 13:02:01 GMT )
Қар 05, 2023 19:02 Asia/Almaty
  • Иран мен Ирак Сыртқы істер министрлері Палестинадағы өзгерістер жайлы кеңесті

Иран мен Ирак Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасып, Палестинадағы өзгерістер және Газадағы қырғын жайлы кеңесіп, Палестина халқын қолдау керегін баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан сенбі күнгі сұхбатта ИИР-дың дипломатиялық кеңестері мен соңғы талпыныстарына тоқталып, сионистік режимнің соғыс қылмыстары мен бейбіт тұрғындар, әсіресе әйелдер мен балаларды жаппай қыруды жалғастыруын және АҚШ-тың осы режимге ауқымды әскери қолдау көрсетіп отырғанын аймақта дағдарыстың күшейіп кетуінің басты себебі деп атап, АҚШ Газадағы бейбіт тұрғындарға қарсы соғысты өршітіп отырған жағдайда соғыс аясы кеңи түсетінін айтты.

Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хұсейн осы сұхбатта Палестина халқын қолдап, шабуылдарды тоқтатып, соғыстың кеңеюінің алдын алу үшін ислам елдерінің бірлесе және үйлесе әрекет етуі керегін айтты.

Амир Абдуллахиан сондай-ақ өзінің аймақтық консультацияларының жалғасында сенбі күні кешке Оман Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбаттасып, Палестина халқы, әсіресе әйелдер мен балаларды қырып-жоюды дереу тоқтату, Газа секторының қоршауын жою және осы аймаққа гуманитарлық көмектер, жанар-жағармай, азық-түлік пен медициналық жабдықтар жіберу жолдарын талқылап, Газа секторындағы палестиналық тұрғындарды мәжбүрлі түрде көшіруге кесімді түрде қарсылық білдірді.    

Тегтер