Түркия АҚШ Мемлекеттік хатшысын салқын қарсы алды
Қар 06, 2023 16:35 Asia/Almaty
Кеше кешке Түркия астанасына келген АҚШ Мемлекеттік хатшысын тек Анкара әкімі мен осы елдегі АҚШ елшісі қарсы алды.
Түркия Президенті АҚШ Мемлекеттік хатшысымен кездеспейтінін айтқан. Өйткені Ердоған Астанаға сапарлап кеткен.
Батыс Азияда текетірестер күшейіп, сионистік режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстары көбейіп, мыңдаған палестиналық әйелдер мен балалар өлтіріліп жатқанда Блинкен үш рет басып алынған жерлерге сапар шегіп, сионистерді Вашингтонның осы режиммен бірге екеніне, қылмыстарын қолдайтынына сендіруге тырысты.
Х әлеуметтік желісінің қолданушылары өз пікірлерінде "Блинкен осындай қатынасқа лайықты" деп жазды.
Тегтер