Ирак пен Сирияда АҚШ-тың 3 базасына шабуыл жасалды
(last modified Mon, 06 Nov 2023 11:00:22 GMT )
Қар 06, 2023 17:00 Asia/Almaty
  • Ирак пен Сирияда АҚШ-тың 3 базасына шабуыл жасалды

Ирак ақпарат көздерінің айтуынша, Ирактың солтүстігі мен батысы және Сирияның шығысындағы АҚШ базаларына зымыран және дронмен шабуыл жасалды.

Ирак ақпарат көздерінің хабарлауынша, Эрбиль әуежайына жақын Харир базасы бүгін таңертең бір дронмен нысанаға алынды. Бұған дейін Ирактың әл-Анбар облысындағы Эйн-ул-Асад базасына зымырандық шабуыл жасалған.

"Саберин Ньюс" телеграм каналының хабарлауынша, Эйн-ул-Асад базасы бүгін таңертең 2 рет, түске қарай 1 рет, Сирияның шығысындағы әт-Танф базасы 1 рет нысанаға алынды.

Ирак ақпарат көздері осы шабуылдардың келтірген шығыны мен тигізген зияны туралы ақпарат таратпады.

Ирактың исламдық қарсыласу қозғалысы Газа халқына қолдау ретінде өткен бірнеше күнде Ирак пен Сириядағы АҚШ-тың базаларына шабуыл жасады. 

Тегтер