Раиси: Иран қоқан-лоқылар мен санкцияларға қарамастан түрлі салаларда үлкен жетістіктерге жетті
ИИР Президенті: "Иран қоқан-лоқылар мен санкцияларға қарамастан ғылым мен технологияның түрлі салаларында үлкен жетістіктерге жетті",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен бірлескен баспасөз отырысында: "Иран энергетика, ауыл шаруашылығы, кен және өнеркәсіп салаларында мол әлеует пен тәжірибеге ие. Осы тәжірибені Тәжікстан халқымен бөлісе алады",-деді.
Иран Президенті сондай-ақ Палестина жеріндегі өзгерістерге тоқталып: "Бүгінде әлемдегі барлық мұсылмандардың жүрегі қан жылап тұр. Ұжданы ояу барлық адамдар Палестина халқының тағдырына алаңдап, күйзеліп отыр",-деді.
Раиси: "ИИР үкіметі әрдайым баса айтып келе жатқан нәрсе: Газа секторындағы Палестина халқына шабуылды шұғыл түрде тоқтату және Палестинада геноцид пен бала өлтіруді доғару керек",-деді.
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон да Иранмен түрлі салаларда ынтымақтастықты арттыруды қолдап: "Иран мен Тәжікстан арасында түрлі салаларда екіжақты құжаттарға қол қою ынтымақтастық деңгейін арттырады",-деді.