Джакарта халқы Палестинаны қолдау үшін ауқымды шеру өткізді
Қар 13, 2023 20:20 Asia/Almaty
Индонезияның жүздеген азаматы Палестина халқын қолдау және сионистік режимнің қылмыстарын айыптау үшін тағы да көшеге шықты.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Индонезия астанасы Джакартада жүздеген адам Палестина мен Газа секторының халқын қолдау үшін шеру өткізді. Бұл бейбіт шеру Индонезия үлемдері кеңесінің (MUI) шақыруымен және осы ел үкіметі, исламдық, буддистік және христиандық ұйымдардың қолдауымен өтті.
Мыңдаған индонезиялықтар Джакартадағы елдің ұлттық монументі алдында палестиналықтарға тілеулестік білдіру үшін шеру өткізді.
Тегтер